• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Наманганнан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды

26.02.2021
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Түркі әлемінде ислам дінінің кең таралуына ерекше леп беріп, сопылық негіздерінің дәнін еккен әйгілі Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір нұсқасы мен ислам әлеміне әйгілі он бір шайықтың есімі жазылған мөр табылды, — деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Ахмет Ясауидің тарихына қатысты құнды мұралар тұратын Ясауидің ұрпағы, ғұлама ғалым Шарифхужаев Ибрахимжан қажының қолында сақталған. 98 жастағы Ибрахимжан ақсақал Түркістан қаласының тумасы. Ахмет Ясауи кесенесінің жанында өмір сүріпті. Діни сенімдерге қарсы атеистік көзқарас дендеген кезеңде Түркістан қаласынан да көптеген тақуа жандар қудалауға түсіп, кітаптары өртеліп, қиын кезеңдерді бастан өткереді. Бұл зобалаң Ахмет Ясауи ұрпақтарына қатты соққы болған. Сол себепті әкесінен ерте айрылған Икрамжан қария 10 жасында анасы екеуі бас сауғалап Наманганға тығылыпты. Ата-балаларынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Насабнама мен мөрді сақтап қалу үшін Наманган жерінде де көп қиындықтар көрдік,- деп еске алды қария.

-«Әкем Түркістанда жерленді. Ал анам Наманганда жатыр. Бізге бұл жақта да оңай болған жоқ. Атадан-балаға мұра боп келе жатқан аманатты сақтап қалу анам екеуміздің басты парызымыз болды. Қараңғы сәттерде жасырынып жүріп, арық-атыздар мен елеусіз жерлерге көмдік. Жер астында көп жатқандықтан Насабнаманың кейбір жерлерінің бояуы өзгеріп, шіри бастады. Көзімнің тірісінде бұл аманатты бабам жатқан жерге табыстауды армандап жүрген едім»,-деді Ибрахимжан қажы.

Наманганнан табылған Насабнама нұсқасы шағатай тілінде жазылған. Ұзындығы- 2,5 метр. Мұраның қай ғасырға жататыны әзірге белгісіз. Алдағы уақытта «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарапынан Насабнама да жазылған деректерге қатысты толыққанды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Наманган ғана емес бүкіл республика жұртының құрметіне бөленген ғұлама ғалым Ибрахимжан ақсақалдың сегіз ұл, үш қызынан тараған ұрпақ үлкен әулетке айналған.

-«Ұл-қыздарым Қожа Ахмет Ясауи ұрпақтарынан болғандығын қуанышпен айтады. Үлкен ұлым діни ілімді меңгеріп, зерттеу жұмыстары бойынша менің жолымды жалғастырды»,- дейді қария.

Икрамжан қажы өз үйінің бір бөлмесінен Қожа Ахмет Ясауи мен Түркістанға арнап шағын мұражай ашыпты. Мұражайға Ясауидің шежіресіне қатысты Насабнаманың көшірмесі мен мөрін және Түркістанға қатысты суреттер мен кітаптар қойған.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында
Қожа Ахмет Ясауиге қатысты деректер мен мұраларды жан-жақты зерттеу, іздеу, ұрпаққа аманаттау мақсатында қолға алынған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициялық жобасы Ташкент қаласында жалғасады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

№2 АУРУХАНА ЖАҢА КОРПУСПЕН ТОЛЫҒАДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

50 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

500 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЕМХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Азия төрінде ел қоржынына кезекті алтынды салған Софья Берульцева туған қаласына жеңіспен оралды. Шымкенттік саңлақты жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.