«Науаи – заман мен халықтарды бірлестіруші ұлы ғұлама». Осы тақырыппен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университетінде түркі жұртына ортақ ұлы ақын мерейтойына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті.Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығымен бірлескен шара жоғары деңгейде өтіп, жас буын түркі тарихынан біршама мәліметтерге қанықты. Шараға Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі келіп, ғұламаның өмірін зерттеген, түркі тілдес елдердің ғалымдары Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты.
Жиында сөз алған жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары: «Науаи және Абай», «Педагогикалық Науаитану: жаңа әдіснамалық тұғырлар», «Қазақстанда Науаи шығармашылығының үйретілуі» тақырыптарында ғылыми еңбектер оқып, екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың бұдан да жақсы болатынына сенім білдірді.Достық тамыры тереңде жатқан қазақ-өзбек қарым-қатынасына, ғылымының дамуына бұл шараның оң ықпал етері сөзсіз.