2021 жылдың 1 ақпанында Қазақстан бойынша короновирусқа қарсы екпе салу басталып, қалада жалпы 200 азамат аталған екпені салдырған болатын.
Қазірде індеттің алдын алу жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта Түркістан қалалық емханасы қорына «Sputnik – V» вакцинасының 200 доза көлемі жеткізілді. Бұл вакциналар жоғарыда аталған бірінші компенттің әсерін нықтау үшін екінші компонент ретінде салынады. Барлық әкелінген вакцина бірінші компоненттің тізіміндегі азаматарға белгіленген кестеге сәйкес кезегімен егіледі.