• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Зейнетақы қаражатын емделуге пайдалануға бола ма?

20.02.2021
0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева мен ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық және жедел жәрдем басқармасының басшысы Батырхан Сарымсақов азаматтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған қаражатты қандай емге жұмсай алатынын айтты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланды.Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесі 2021 жылғы 15 ақпанда бекітілген және 2021 жылғы 17 ақпанда Әділет министрлігінде тіркелген. Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану ҚР азаматтарына қосымша медициналық қызметтер алуға мүмкіндік береді.

«Оны алу үшін азамат БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасын анықтауы қажет. Егер қордағы сома жеткілікті болса, онда азамат тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, дәрігерлік комиссияның біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы қорытындысын алуы қажет», — деді Г.Сәрсенбаева.

Дәрігерлік комиссия өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы не медициналық көрсеткіш  болмаған жағдайда бас тарту туралы шешім қабылдайтын болады. Қорытынды дәрігерлік комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.

Жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен азаматтар орфандық ауруларды емдеу, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация), операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық), сондай-ақ мастэктомия, радионуклидтік және радиойодтерапия, радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, кибер пышақ), протонды терапия, офтальмологиялық қызметтер  сияқты қымбат тұратын қызметтерді ала алады. Сонымен қатар, аталған тізбе халықтың қажеттілігін ескере отырып, өзгеруі мүмкін.

Медициналық комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда өтініш беруші медициналық ұйымды таңдап, шарт жасасуы қажет. Содан кейін, ЭЦҚ көмегімен уәкілетті оператордың интернет-ресурсында өзінің жеке кабинетін ашу, онда сомасын, пайдалану мақсатын көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтінішті толтыру, дәрігерлік комиссия қорытындысының сканерленген көшірмелерін, медициналық ұйыммен емдеу туралы шартты бекіту және өзінің ЭЦҚ-мен куәландыру қажет.Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы қойылған, уәкілетті операторда тіркелген Төлемге арналған өтініш туралы мәліметтер БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама шеңберінде келіп түседі. БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын өтініш берушінің уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына аударады.

Уәкілетті оператор алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсаты бойынша құжаттарды тексереді және олар сәйкес келген жағдайда оларды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш беруші таңдаған медициналық ұйымның нысаналы мақсаты бойынша қаражатты аударады.

«Сондай-ақ, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеуге пайдалануға болатынын атап өткім келеді. Мұндай жағдайларда тараптар жеке кабинетте туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды қоса көрсетіп, олардың ЭЦҚ-мен куәландырылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады», — деді Г.Сәрсенбаева.

Айта кету керек, өтініш беруші заңмен белгіленген бір жолғы зейнетақы төлемдерін тізімдегі медициналық қызмет түрлеріне шексіз пайдалана алады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

№2 АУРУХАНА ЖАҢА КОРПУСПЕН ТОЛЫҒАДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

50 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

500 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЕМХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Азия төрінде ел қоржынына кезекті алтынды салған Софья Берульцева туған қаласына жеңіспен оралды. Шымкенттік саңлақты жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.