Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ө. Шөкеев есептік кездесуінен кейін жеке қабылдау өткізді
    Айғақ MEDIA

    Ө. Шөкеев есептік кездесуінен кейін жеке қабылдау өткізді

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.02.2021355 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев есептік кездесуінен соң, жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады. Онлайн форматында өткен қабылдауда өңір тұрғындарының өтініштері сан алуан болды. Көбіне жеке мәселелер көтерілді. Түркістандықтар әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жол жүргізу бойынша өтініштерін айтып, көмек сұрады. Азаматтардың басым бөлігінің өтініші қабылдау барысында шешімін тауып, жауапты тұлғаларға жүктелді. Қалған арыздар бойынша заңдарға сәйкес, түсініктеме мен кеңес берілді. Барлық өтініштер облыс басшысының жеке бақылауында.Онлайн қабылдауда болған Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының тұрғыны шаруа қожалықтарына егін-су жетіспеушілігін көтерді. Ауылдағы 1 500 га жерге су жеткізу мақсатында осыдан 7 жыл бұрын «Біресек» су қоймасы салынған. Сол кезде құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізілмеуінен, пайдалануға берілмеген болып шықты. Су қоймасын қайта қалпына келтіру бойынша облыстық бюджеттен қаржы қарастыру мәселесі қаралуда. Облыс әкімің қабылдауына жазылған Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тұрғыны мүгедек ағасына есту аппаратын алып беруді сұрап, үйіне газ құбырын кіргізуге көмек беруін өтінді. Өтініш шешімін тапты. Ал, жылыту қазандығын алып беру үшін кәсіпкерлер қол ұшын беретін болды. Әлеуметтік жағынан осал топтар санатында, толық емес отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде 2019 жылы тіркелген Түркістан қаласының тұрғыны облыс әкімінінің қабылдауында болды. Қолданыстағы заңға сәйкес, өтініш айтушынының мәселесі тек кезек ретімен шешімін табатыны түсіндірілді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға өңірлік «Халық берекесі» жобасы енгізілмек. Жоба аясында тұрғын үйлері жоқ отбасыларға 3 жылға тегін баспана ұсынылатын болады. Кентау қаласы, Шаға а/о тұрғыны суармалы және жайылымдық жерлерді кеңейту туралы өтінішін айтты. Осыған дейін 25 шқ. 5 канал күрделі жөндеуден өткен. Жер көлемінің ұлғаюынан су арнасын ұзарту жоспарлануда. Арнайы жер қорында 16 329 га ауыл шаруашылығы мақсатындагы жайылымды алқаптар анықталып, бұл алқаптарды ортақ жайылым үшін пайдалану мақсатында рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселе оң шешімін табатын болды.

    Онлайн қабылдауында Өмірзақ Естайұлы барлық өтініштерге заң аясында толыққанды жауап берді. Елдегі пандемияға байланысты жеке қабылдаулар мен жиындар онлайн форматынд көшкені белгілі. Тұрғындарды қабылдау – халықпен байланысты тиімді ұйымдастырып, тұрғындар мәселесінің шешілуіне сеп болары сөзсіз.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.