Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР
    Айғақ MEDIA

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.02.20211 040 Views

        Пандемияның білім саласына тигізген әсері мен бүкіл білім жүйесі үшін ауыр сынаққа айналғанын айтқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдында берген есебінде барша ұстаздар қауымына, ата-аналар мен оқушыларға алғысын білдірді. Адамзаттың алғаш рет бетпе-бет кездескен мұндай жаһандық қиындықтың уақытша құбылыс екенін, қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу үшін барлық жағдайдың жасалатынын айтты. Биылғы жылға бекітілген міндеттерді атады.

        «Білім беру саласын биыл ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Осы жылы 17,1 млрд. теңгеге 49 мектептің құрылысын жүргізу, оның ішінде 11 мектепті жаңадан салу жоспарланды. Мектепке дейінгі ұйымдарды 1 436 жеткізіп, «Жас маман» жобасы бойынша 7 колледжге 2,1 млрд теңге бөлінеді. Былтырғы жылы білім беру саласына 334,3 млрд. қаржы бағытталды. Жыл басынан 2 мыңға жуық балаға арналған 15 жекеменшік балабақша іске қосылып, 500-ге жуық балаға қосымша топтар ашылды. Соның нәтижесінде балалар 100 % балабақшамен қамтылды»,- деді облыс әкімі.
    Мектеп оқушыларына қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында балалар компьютер құралдарымен толық қамтылды. Үкімет резервінің қаржысына 7 711 планшет, 6 мыңға жуық компьютер, 43 527 ноутбук, барлығы 57 190 (100%) компьютер сатып алынып, аудан, қалаларға таратылып берілді. 2020 жылы 15,8 млрд. теңгеге 52 білім нысандарының құрылыстары жүргізіліп, жыл қорытындысымен 16 нысан пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 1 апатты және 1 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді.«Облыста «Жас маман» жобасы бойынша биылғы жылы 5 колледжге 1,3 млрд. теңге бөлініп, Халықаралық стандартқа сәйкес материалдық техникалық базамен жабдықталды. Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік білім» жобасы аясында 49 білім беру ұйымына 7 291 орын көлемінде білім беру тапсырысы бөлінді. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстарының нәтижесінде «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «TUV Rheiland Akademie GmBH» концернімен келісім-шарт жасап, Кентау политехникалық колледжі «Қазақ-неміс политехникалық колледжі» жаңа статусын иеленіп, маман даярлануда, жаңа бағдарлама жасауда»,-деді Өмірзақ Естайұлы өз сөзінде.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.