• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қараша 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТІНІШ-ШАҒЫМ 26 %-ҒА АЗАЙДЫ

19.02.2021
0

    Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсетілетін қызмет сапасының артуы нәтижесінде 2020 жылы тұрғындардан 63 мыңнан астам өтініш түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға азайған. Ел алдындағы есептік кездесуін бастаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. Қол жеткен жетістіктер мен алдағы айқын міндеттерді кеңінен баяндады. Өз есебінде Өмірзақ Шөкеев аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Пандемияға байланысты биыл есептік кездесу онлайн форматта, карантин талаптарына сай ұйымдастырылды.«Әкімдердің халық алдында есеп беруі Елбасының Жарлығымен 2005 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен жыл барысында өзім және орынбасарларым, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері, облыс тұрғындарының өтініштері бойынша 3940 азаматтарды жеке қабылдап, нәтижесімен, елдің қажетті экономикалық әлеуметтік мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастырдық»,-деген Өмірзақ Шөкеев 2020 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін бастады.

Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, тұрғындардың өтініштерін бір жерден шешу мақсатында, барлық аудан, қала орталықтарында «Фронт-офис» кеңселері ашылды. Басқармалар үйінің ғимаратында облыстық «Ашық әкімдік» кеңсесі өз жұмысын бастап, кеңседе 21 басқарманың және тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін 16 басқарманың жауапты қызметкерлері жұмыс жасайды. Нәтижесінде, тұрғындардың өтініш — шағымы 26% -ға азайды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға былтыр 24,4 млрд. теңге қаралды. Оның аясында 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Бүгінде облыстағы 100 мыңнан астам көпбалалы отбасы ай сайын жәрдемақы алады. 2020 жылы жоспарланған 50 мыңдай көпбалалы отбасының 39 мыңы атаулы әлеуметтік көмекке жүгініп, оларға 14 млрд. теңгеге көмек тағайындалды. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 64,3%-ға кеміген.

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жұмысынан айрылу салдарынан табысы төмендеген 880 мыңнан астам азаматқа жалпы соммасы 37,3 млрд. теңгеге 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер ұсынылды. 170 мыңға жуық 6-18 жас аралығындағы АӘК алушы балаларға, мүгедектер мен жұмыссыз азаматқа 3,7 млрд.теңгеге 5 567 теңге көлеміндегі өтемақы түрінде азық-түлік-тұрмыстық пакеттер берілді.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен «Birgemiz» Қоғамдық қоры арқылы 38,9 мың азаматтқа 1,9 млрд. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Дағдарысқа қарсы шаралар ретінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» іске асырылып, нәтижесімен 500-ге жуық инфрақұрылымдық жобасын іске асыруға қаралған 110 млрд. теңге аясында 27 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларының нәтижесі дағдарыс кезінде халықтың табысының күрт төмендемеуіне, жұмыссыздық деңгейін 5,2%-дан өспеуіне әсер етті.

«Жалпы, өткен жылы облыста халықтың өмір сапасын жақсарту, өңірдің әлеуметтік-экономикасын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жасалды, алдымызға іске асыруға тағы да көлемді міндеттер қойып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей облысымыз туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Сондықтан әлеуметтік сала басты назарда. Биыл 52,4 мың отбасына немесе 290 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек үшін 26,1 млрд. теңге бағытталады. 18 жасқа дейінгі балаларға жалпы сомасы 13,7 млрд. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаражаты бөлінеді. Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын 85 %-ға жеткізу көзделген»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залында өтіп жатқан облыс әкімінің есептік кездесуі Түркістан облысы әкімдігінің YouTube каналы мен ресми сайтында және Facebook-парақшасында онлайн-режимде көрсетілуде. Бұдан өзге, барлық аудан, қалалардың тұрғындарына облыс әкіміне тікелей ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарын қою мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Интерактивті онлайн-режимде қосылған халықтың өтінім-ұсыныстарына заң аясында жауап берілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.