«Мобильдік қосымшаны салық төлеушілер дұрыс қолдана білсе, онда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің жұмысы жеңілдейді. «E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы тұрғындарға — салық әмияны, жалпыға бірдей декларациялау, салық салу объектілері, қызметкердің еңбек ақысы, электронды сервистер, калькулятор, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызмет түрлері ұсынылған»,- деді Әлібек Шәмшінұлы.

«E-salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. Бүгінде тиімділігі мен танымалдылығын арттыру мақсатында сала мамандары тиісті жұмыстар атқаруда.