Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АЗАЙҒАН
    Айғақ MEDIA

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АЗАЙҒАН

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.02.2021666 Views

       ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті былтыр өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасын сақтауға қатысты 35 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 1 157 бұзушылық анықтады.  Тиісінше 2019 жылмен салыстырғанда 32 пайызға төмендегенін көрсетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов мәлімдеді.  Оның айтуынша, заң бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары – 632 (54,6%), халықты әлеуметтік қорғау – 377 (32,5%), ауыл шаруашылық – 70 (6%),  сәулет және құрылыс – 52 (4,4%) салаларында орын алған.«Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты 47 әкімшілік хаттама түзіліп, 1 807 525 теңге айыппұл мемлекет кірісіне өндірілген. Өз кезегінде, құқық бұзушылықтардың ішінде көп кездесетін жағдайлар: рұқсат беру мерзімін бұзу, рұқсат беруден негізсіз бас тарту, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер», — деді департамент басшысы.Түркістан облысында 610 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оларда қазіргі таңда 6 624 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда. Бос лауазымдар саны – 388 бірлік. Облыста кадр тұрақтылығы артқан. Айта кетерлігі, жалпы Түркістан облысында қызмет беруші мекемелер тарапынан 2020 жылы көрсетілген 18 027 462 қызметтің 91,1%-ы электронды түрде көрсетілген.

         «Өтініштердің негізінде Департаментпен 24 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, арыздардың 66,6%-ы қанағаттандырылып, 8 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыста мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылу дейгейі өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға азайған. Сонымен қатар, 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда Әдеп нормаларын бұзу дерегі бойынша тәртіптік істер 43%-ға кеміген», — деді Айбек Ақбергенұлы.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.