Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Nur Otan»: Түркістан облысында жол картасы бекітілді
    Айғақ MEDIA

    «Nur Otan»: Түркістан облысында жол картасы бекітілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.02.2021673 Views

        Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжілісті облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етіп жүргізіп отырды.     Күн тәртібінде  «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын бекіту туралы мәселе дауысқа салынды.     Аталған құжат бойынша облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев баяндама жасады. Ол Жол картасында өңірдегі өзекті мәселелер қамтылғанын айтып, фракция мүшелері Жол картасын жүзеге асыруға белсене атсалысып, ел сенімін ақтайтынына сенім білдірді. Бюро мүшелерінің қолдауымен Жол картасы бекітілді. Күн тәртібіндегі қаулының орындалуын бақылауға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев және аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары жауапты болып бекітілді.     Жол картасына сәйкес, Түркістан облысында 5 жыл көлемінде 111 медициналық нысан, 266 мектеп, 15 балабақша, 236 спорт, 27 мәдениет нысаны салынады. Сонымен бірге 214 туристік нысан салынып, осы арқылы  өңірімізге келушілер саны 1,5 есеге артып, 2 миллионға жетеді деген жоспар бар. Инфрақұрылымды дамыту да назарда болмақ. Өңірде 5656,11 шақырым жол жөнделеді. 2300 шақырымға жуық таза ауыз су жүйесі жүргізіледі. 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 152 жаңа кәсіпорын ашу және кеңейту арқылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 350 мыңға жақындайды. Ауыл шаруашылығына қолдау күшейеді. 53 ферма, 900 мал бордақылау алаңы құрылады. Бес жылда 21 мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі. Аталған құжатта осы және өзге де мәселелер қамтылған.     Өңір басшысы Ө.Шөкеев Жол картасындағы әрбір міндетті  жүйелі әрі талапқа сай орындау Мемлекет басшысының тікелей қадағалауында екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстарға фракция мүшелері, жергілікті атқарушы органдар белсенді түрде қатысатынын жеткізді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.