Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда мемлекеттік ақпараттық саясат және қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі талқыланды
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда мемлекеттік ақпараттық саясат және қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі талқыланды

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.02.2021767 Views

        Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасында облыстағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы жөнінде жиын болып өтті. Шараға қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов және облыстың аудан, қала әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты.     Жиынның күн тәртібіне қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау және облыстағы этносаралық қатынастардың мәселелері айтылып, жан-жақты талқыға түсті.     Сонымен қатар, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін санитарлық талаптарды сақтай отырып тойлау барысы баяндалып, мерекеге қатысты жоспарлар пысықталды.

        Сондай-ақ Наурыз мерекесінің қарсаңында тұсауы кесілетін «Түркістан» телеарнасының тұжырымдамасы таныстырылып, арнаның даму бағыттары жайлы сөз қозғалды.      «Түркістан облысы әкімдігі құрылтайшысы болып табылатын «Түркістан» телеарнасы облыс жұртшылығына ғана емес, күллі Түркі елдеріне 5 тілде хабар тарататын бірегей медиа кеңістік болғалы тұр. Арнаның өркендеуі – облыстың рухани-мәдени бағытта дамуына оң ықпалын тигізіп, өңір жетістігін кең көлемде насихаттауға жол ашады», — деген басқарма басшысы Дамир Жүнісов алдағы уақытта телеарна ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырды.     Жиын соңында қатысушылар «Алатау» медиа орталығының материалдық-техникалық базасы мен «Түркістан» телеарнасының алғашқы шығарылымына дайындық жұмыстарымен танысты.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.