• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Ө.Шөкеев: «Жол картасы Түркістан облысындағы ең өзекті мәселелерді шешеді»

17.02.2021
0

    «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы кезең-кезеңімен жүйелі әрі уақтылы орындалады. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісінде айтылды. Жиында депутаттар Түркістан өңірінде «Өзгерістер жолы:  Әр азаматқа лайықты өмір!»  сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын талқылады. Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев аталған жол картасында аймақтағы ең өзекті мәселелер мен жоспарлар қамтылғанын атап өтті.  Соған сәйкес, құжатқа 26 көрсеткіш пен 128 іс-шара енгізілген. Мәжіліске облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев,  фракция мүшелері, әкім орынбасарлары және жауапты басқарма басшылары  қатысты.     «Бүгін сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудың Жол картасы ұсынылып отыр.  Бұл – Мемлекет басшысының тікелей бақылауында тұрған тапсырма. Сондықтан сайлауалды бағдарламаны сапалы әрі уақтылы атқару қажет. Жол картасын жүзеге асыру барысында 5 жылда облыста 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 152 жаңа кәсіпорын ашу және кеңейту арқылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 350 мыңға жақындайды. Ауыл шаруашылығына қолдау күшейеді. 53 ферма, 900 мал бордақылау алаңы құрылады. Бес жылда 21 мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі. Жол картасы Түркістан облысындағы ең өзекті мәселелерді шешеді. Партияластарға, жергілікті жауапты басшыларға осы тапсырмаларды жүйелі орындауды тапсырамын. Баршаңызды халық алдындағы аманатқа адал болуға, елге шын ниетпен қызмет етуге шақырамын!», – деді Өмірзақ Шөкеев.     Жиында Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Күмісбек Жаппаровтың баяндамасы тыңдалды. Ол Жол картасындағы негізгі индикаторлар мен жоспарларды баяндап берді.     Партияның Түркістан облысына арналған 5 жылдық жол картасында елдің ұсыныс-тілектері ескерілген. «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына сәйкес, облыста ауыл шаруашылығы, туризм, инвестиция тарту, аймақтарды өркендету, денсаулық сақтау, білім, инфрақұрылым, құрылыс салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарына басымдық берілген. Сонымен бірге Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру міндеті де көрініс тапқан.    Осы және өзге де жоспарлар туралы партияның облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев баяндап берді. Оның айтуынша, фракциядағы 37 депутатқа жол картасының салалары бойынша нақты міндеттер жүктелген.

   «Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, партияны қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды. Сайлауалды бағдарламамыз қабылданып, жол картасы талқылауға ұсынылды. Осы жоспар негізінде Түркістан облысының әрбір аудан, қаласын, елді мекендерін жан-жақты дамыту көзделіп отыр. Жол картасының әрбір тармағына жауапты депутаттар бекітілген. 2025 жылға дейін Түркістан облысында 111 медициналық нысан, 266 мектеп, 15 балабақша, 236 спорт, 27 мәдениет нысаны салынады. «Nur Otan» партиясының фракциясы осы жобалардың жүзеге асырылуына тікелей атсалысады», – дейді Бейсен Дәулетұлы.     Мәжіліске қатысқан фракция мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жол картасын бір ауыздан қолдады. Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр  азаматқа лайықты  өмір!»  2025  жылға  дейінгі  сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы партияның облыстық Саяси кеңес бюросына бекітуге ұсынылды.

    Жол картасына арқылы 2025 жылға дейін Түркістан облысында 214 туристік нысан салынады. Осы арқылы  өңірімізге келушілер саны 1,5 есеге артып, 2 миллионға жетеді деген жоспар бар. Бес жылда облыста 5656,11 шақырым жол жөнделеді. 2300 шақырымға жуық таза ауыз су жүйесі жүргізіледі.

Түркістан облысы әкімінің  баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

№2 АУРУХАНА ЖАҢА КОРПУСПЕН ТОЛЫҒАДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

50 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

500 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЕМХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Азия төрінде ел қоржынына кезекті алтынды салған Софья Берульцева туған қаласына жеңіспен оралды. Шымкенттік саңлақты жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.