Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 7 жағдай анықталды, 16 науқас емделіп шықты. Жалпы, қала бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 6016-ға жетті.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 38 адам ем қабылдап жатыр.
Жалпы жыл басынан бері 133 адамға пневмония диагнозы қойылған, 108 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Бұл ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы