• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Үкімет отырысы: Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғарылаған

16.02.2021
0

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Премьер-Министрдің ресми сайты.

«Эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір өңірлерде белгілі бір шектеулер әлі де қолданылып отыр. Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша 7 негізгі көрсеткіштің ішінде 5 бойынша сегіз өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалуда. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары», — деді Асқар Мамин.Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шағын және орта кәсіпкерлік құрайды. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада 530 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы 5 жылдықта Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өңірлік өнімдегі үлесін 50%-ға жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ өткен жылы Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 29,1 млрд. теңгеге 30 жобаға қолдау көрсетілген. Биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2 396 млн. теңгеге 418 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 576 млн. теңгеге 100 жаңа жобаға қолдау көрсету көзделіп отыр.Кейінгі жылдары Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсіп келеді. Бұл ретте қалаға тартылған инвестиция көлемінің тұрақты өсімі байқалады. Мәселен, өткен жылы Шымкент қаласының экономикасына тартылған қаражат көлемі 278,5 млрд теңгені құрап, 40,9 пайызға артқан. Осылайша, былтырғы қалаға тартылған инвестиция көрсеткіші бойынша Шымкент елімізде екінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, қалада бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазір мегаполисте 72 мыңнан астам бизнес субъектісі бар, оларда 160 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

№2 АУРУХАНА ЖАҢА КОРПУСПЕН ТОЛЫҒАДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

50 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

500 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЕМХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Азия төрінде ел қоржынына кезекті алтынды салған Софья Берульцева туған қаласына жеңіспен оралды. Шымкенттік саңлақты жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.