Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ералы Жумаханбетов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті
    Айғақ MEDIA

    Ералы Жумаханбетов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.02.2021859 Views

         2021 жылы 15 ақпан күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты әкімшілік аумақтағы тұрғындарымен кездесті.Кездесуге Шымкент қаласы ПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының бастығы Арман Тленшин, ӘПБ, ЖПҚ басшылықтары, жеке құрам мен қала тұрғындары қатысты. Жиынға қатысқан қала тұрғындары полиция басшысына өз көкейлеріндегі сұрақтарын жолдап, нақты жауаптармен қанықты. Полиция қызметкерлері тұрғындарға аулаларды бейнебақылау орнату бойынша ақпараттық брошюраларды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында «Таза қала» акциясы бойынша әркім өз ауласын таза ұстаса, әрбір қала тұрғыны қоқыс тастамаса, қаламыз көркейе түсетіні сөзсіз екені ерекше атап өтті. Сондай-ақ, жасанды жол кедергілерін орнату, жарықтандыру, бейнекамералар бойынша ұсыныстар жасалып, әкімшілікке хат бірлесе жолданатын айтылды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасынан қоғамдық көмекшілер сайланып, құқықбұзушылықтардың алдын алуға өз септігін тигізетіні жайлы сөз болды. Кездесуге келген зейнеткерлер мен жастар, сондай-ақ, әйел азаматшалар да қоғамдық көмекші болуға қызығушылық танытты.

    Шымкент қаласы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетов әрбір қозғалған мәселелердің шешімі таппайынша бақылауда болатынын айтып, қарамағындағы қызметкерлеріне нақты тапсырмалар тапсырды. Сараптамаға назар салсақ, аталған аумақта жыл басынан тіркелген 13 пәтер ұрлығының 9 жайты ашылып, қылмыскерлер ұсталған. Ал өткен жылы 19 пәтер ұрлығының 14 жайты ашылған болып тұр.

    «Аталған ықшам ауданда 2007 жылдан бері тұрамын. Генерал мырза Сіздің арқаңызда менің балама қатысты алаяқтық жайты ашылды. Осындай әділ, әрі адал, қара халықтың жан айқайын тындайтын генерал мырза Сізге рахмет»-деп атап өтті Сайдынгүл Асан.

    Кездесу барысында генерал мырза күнделікті кешкі уақытта ауданды 10 экипаж аралап жүретінін атап өтті. Шымкент қаласы Қаратау аудандық жергілікті тұрғындардың тарапынан айтылған мұң-мұқтаж тыңдалып, көкейтесті мәселелер талқыланды. Қарапайым халықтың полиция басшысына қойылған сұрақтарына дер кезінде жауаптар алынып, кейбір мәселелер жуырда өз шешімін табатынына уәде берілді.

    Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.