Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚР Сауда және Интеграция министрі Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келді
    Айғақ MEDIA

    ҚР Сауда және Интеграция министрі Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келді

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.02.20211 218 Views

        Сарыағаш ауданында көрші елмен байланыстырып тұрған 3 шекаралық кеден бекеті және темір жол кеден бекеті жұмыс жасайды. Атап айтқанда, «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қабланбек» арқылы күніне жүздеген жеңіл көліктер мен жүк көліктері қарым-қатынас жасауда. Сарыағаш ауданы Өзбекстанның бірнеше аудандарымен шектеседі. Осындай географиялық мүмкіндікті пайдаланып ауданда Өзбекстан Республикасымен сауда-саттықты дамыту үшін халықаралық сауда кешенін құру өте маңызға ие.      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру туралы тапсырма берген болатын. Ағымдағы жылдың 26-қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысына «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселесін жеделдетуді тапсырды.     Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және Өзбекстан Республикасының Инвестиция және сыртқы саудасының бірінші вице-министрі Л.Кудратов Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, шекара маңындағы бекеттердің жұмысымен танысты,- деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.      Министр «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қабланбек» шекаралық кеден бекеттері мен Сарыағаш станциясындағы халықаралық темір жол кеден бекетіне арнайы барып көріп, халықаралық сауда орталығын құру үшін нысандардың мүмкіндіктерін қарап шықты. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев бекеттердің жұмысы мен мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады.      Сонымен қатар, іс-сапар барысында «Жібек Жолы» шекара бекетіндегі кездесуде Өзбекстанның вице-премьері С.Умирзаковпен Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселесі талқыланды.     Сапардың ең маңызды нәтижесі-көп жылдық келіссөздерге нүкте қою және алдағы айларда «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының жобасын нақты іске асыруға кірісу туралы шешім болды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.