Түркістан қаласындағы Түркістан-Қызылорда тасжолы бойы аумақ тұрғындары үшін қолайлы демалыс орынына айналған. Ұзындығы 750 және 900 метрлік саябақта балалар ойын алаңшасымен қатар, ерекше дизайнды әткеншектер, орындықтар, қоқыс жәшігі және аяқжол мен веложол салынған. Сонымен қатар, көгалдандыру мен суландыру жүйесі де іске асқан. Айта кетерлігі, демалыс орнын абаттандыру жұмыстары осындағы тұрғындар өтінімі бойынша Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» тарапынан жүргізілген болатын.