Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қала әкімі инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады
    Айғақ MEDIA

    Қала әкімі инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.02.2021388 Views

        Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын аралады. Қала әкімі алдымен №28 кәріз сорғы станциясының және №2 коллекторға дейінгі магистралды кәріз коллекторының құрылысын пысықтады.     Ұзындығы 12,9 шақырым коллектордың және №28 кәріз сорғы станциясының құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Жоба құны – 3 138,6 млн теңге. Мердігер «Сарыағаш-Аман» мекемесі өткен жылы 757,1 млн теңге қаражатты игерді. 2021 жылға 1 481,5 млн теңге қаржы қаралған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.     Қала әкімі аталған нысандардың құрылысында қазірден сапаға көңіл бөлуді тапсырып, құрылыс барысын тұрақты бақылап отыратынын айтты. Сондай-ақ, құрылыс техникаларының тазалығына да мән беруді міндеттеді.     Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде, ағымдағы жылы құрылысы жүргізілетін Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс, Тассай, Нұртас елдімекендердегі кәріз жүйесі осы коллекторге қосылатын болады. Яғни, осы елдімекендердің кәріз жүйесіндегі сарқынды су осы коллекторге құяды.

        Айта кетсек, Мирас, Шапағат-2 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында кәріз құрылысын «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС жүргізуде. Жоба құны — 1 348,9 млн теңге. 2021 жылға 401,6 млн теңге қаржы қаралған.      Сондай-ақ, Ұлағат шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша биылға 403,6 млн теңге қаражат бөлінген. Кәріз жүйесі құрылысын аяқтауға қажетті қаржы — 934,4 млн теңге.

    Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.