2021 жылы елдегі халық саны 18 миллион 877 мың адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 245 мың адамға көп, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке сілтеме жасап.
«2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 18 миллион 877 мың адам болды, оның ішінде қала халқы — 11 миллион 149 мың адам (59,1 пайыз), ауыл халқы — 7 миллион 727 мың адам (40,9 пайыз)», — делінген хабарламада.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бір жыл ішінде халық саны 245 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. 2020 жылы ең үлкен жалпы өсім елдің үш өңірінде байқалды: Алматыда (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтанда (48,5 мың адам) және Шымкентте (38 мың адам).