Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Заңсыз такси тасымалына тосқауыл қойылады
    Айғақ MEDIA

    Заңсыз такси тасымалына тосқауыл қойылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.02.20212 923 Views

        Шымкент қаласындағы «Компания 13 регион» ЖШС-ның директоры Ерлан Малдакасов 2021 жылғы 3 ақпанда қала әкімінің жеке қабылдауына қатысып, қаладағы такси тасымалы мәселесін көтерген болатын. Мұрат Әйтенов мәселені шешу мақсатында қабылдауға келген кәсіпкер мен құзырлы орган басшыларының қатысуымен жиналыс ұйымдастыратынын айтқан.     Аталған жиналыс қала әкімінің төрағалығымен ұйымдастырылып, оған полиция департаментінің, мемлекеттік кірістер департаментінің, көліктік бақылау инспекциясының басшылары және көлік прокуроры қатысты. Онда қаладағы такси саласындағы мәселелер кеңінен талқыланды.    «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес кәсіпкерлер таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберуге міндетті болып табылады. Шымкент қаласында мұндай хабарлама беріп, 30 жеке және заңды тұлға 935 такси көлігімен жолаушыларға қызмет көрсетіп жүр. Оларға жағдай жасау үшін 35 такси тұрағы ұйымдастырылған.    Бүгінгі таңда болжам бойынша Шымкент қаласында заңсыз жолаушылар тасымалымен тұрақты түрде шамамен 1200 -ден астам жеке тұлға жеңіл автокөлігімен заңсыз жолаушылар тасымалдаумен айналысуда екен. Сондай-ақ, қала аумағындағы 14 стихиялық тұрақтан облыс, қала, ауданаралық тасымалдаулар 500-ден аса шағынавтобустар мен жеңіл автокөліктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылып отыр.     Заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында «Жол картасы» бекітіліп, жұмыс тобы құрылды. Жұмысшы топ рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, нәтижесінде өткен жылы 215 такси көлігінің иесіне әкімшілік айыппұл салынған.

        Жиында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов такси тасымалы кезінде негізінен күнделікті жүргізушілердің медициналық және көлік құралдарының техникалық тексерулерден өтпей жолаушыларға қызмет көрсетуі, арнайы бағдарламаларды (inDriver/Яндекс) өшіру немесе жұмысын реттеу тетіктерінің жоқтығы секілді бұзушылықтар кездесетінін жеткізді. Жиналысты қорытындылаған қала әкімі такси тұрақтарын зерттеп, сол аумақтарға «Сергек» камераларын орнату мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.

    — Бүгінгі таңда заңсыз автотұрақ құрып, онда таксимен айналысып жүргендерді анықтаудың бірден бір жолы «Сергек» камераларының санын арттыру. Сонымен бірге, такси қызметі бойынша өзге мегаполистердің тәжірибесін зерттеу де керек. Бәсекелістікті арттыру арқылы туризмді де дамыта аламыз. Бұл тұрғыда «Компания 13 регион» ЖШС-ның туризм басқармасымен бірлесіп жұмыс жүргізуін тапсырамын, — деді.

         Сонымен бірге құзырлы органдармен бірлесіп қаладағы такси жұмысын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруды одан әрі жалғастыруды жүктеді.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.