Шымкентте 105 жас кадет әскери өмірге алғашқы маңызды сертін берді. Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің 1-оқу ротасы салтанатты түрде Әскери ант қабылдап, Отан алдындағы жауапкершілігін айқын сезінді. Әскери ант олардың кәсіби жолындағы алғашқы қадам ғана емес, ел қорғау жолындағы үлкен жауапкершіліктің белгісі.
Салтанатты рәсім жеке құрамның сап түзеуімен және Жауынгерлік Тудың шығарылуымен басталды. Мемлекеттік Әнұран орындалып, әскери колледж басшылығы жас кадеттерге Әскери анттың мәні мен маңызын түсіндірді. 105 жас жауынгер Отанға адал болуға, әскери борышын абыроймен атқаруға және тәртіп талаптарын сақтауға ант берді. Әскери ант қабылдау рәсімінде ұрпақтар сабақтастығына да ерекше мән берілді. Аға буын өкілдері жас кадеттерге әскери қызметтің жауапкершілігі мен Отан алдындағы борышы туралы ақыл-кеңесін жеткізді.
Сондай-ақ жиында жас кадетке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас сержанты Темірбек Халықов әскери берет табыстады. Берет жас жауынгерлер үшін әскери ұжымға тиесілілік пен абыройдың символы ретінде таныстырылды.
Салтанатты шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери басқару органдарының өкілдері, сержанттар құрамы мен кадеттердің ата-аналары қатысты. Қонақтар жас сарбаздарды маңызды оқиғамен құттықтап, әскери жолдарына сәттілік тіледі. Ата-аналар үшін де бұл күн баласының өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін ерекше сәт. Рәсім соңында жас кадеттер салтанатты шерумен өтіп, өздерінің әскери тәртіп пен саптық дайындықтағы шеберлігін көрсетті.
Әскери ант – жай ғана салтанатты рәсім емес, Отан алдындағы жауапкершілікті айқындайтын маңызды серт. 105 кадет үшін бүгінгі күн әскери жолдың жаңа белесін ашты. Ал бұл жол тәртіптілікке, табандылыққа және елге адал қызмет етуге бастайды.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare