Шымкентте жаз басталғалы бері жасөспірімдер арасында бір қайғылы жағдай тіркелді. Осыған байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Дендросаябақ аумағындағы №2 жазғы лагерьде демалып жатқан балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Іс-шараның басты мақсаты – жазғы демалысты жақсы өткізуді қамтамасыз ету.
Мамандар балаларға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіріп, төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәсілдерін көрсетті. Кездесу барысында балалардың сұрақтарына жауап беріліп, қауіпсіздікке қатысты жадынамалар таратылды.
Түсіндіру жұмыстары Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырды. Мамандардың айтуынша, бүгінде балалардың қауіпсіздігі – басты назардағы мәселе. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, арнайы ақпараттық парақшалар ілінуде.












