Аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілері он күндік арнайы тактикалық оқуларына қорытынды жасады. Финалдық кезеңде қатысушылар жедел әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын тәжірибе жүзінде өткізді.
Ауқымды оқу-жаттығу «Химфарм» акционерлік қоғамының аумағында өтіп, оған бригада басшылығы, қала әкімдігі өкілдері мен ардагерлер қатысты. Бірнеше тактикалық эпизод қамтылып, өткізу режимін қамтамасыз ету, диверсиялық топтарды бейтараптандыру және қауіпті аймақты оқшаулау іс-қимылдары орындалды.
Арнайы бөлімшелер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылып, шартты қарсыласқа қарсы бірлескен әрекет пысықталды. Сондай-ақ әскери міндеттілер алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді эвакуациялау және өртті сөндіру бойынша тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде бағаланып, мұндай жаттығулардың тәжірибелік маңызы зор екені атап өтілді.










