Шымкент қаласында ағымдағы жылы аудитпен қамтылған қаржы көлемі шамамен 45 миллиард теңгені құраған. Есепті кезеңде департамент тарапынан жалпы саны 19 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Оның 3-і жоспарлы, ал 16-сы жоспардан тыс тексерулер. Бұл туралы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысында мәлімдеді.Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылғы жүргізген тексерулер нәтижесінде түрлі заңбұзушылықтар анықталған. Оның ішінде 14,3 миллиард теңге қаржылық құқықбұзушылықтарға тиесілі. Анықталған қаржының бір бөлігі бюджетке қайтарылса, енді бір бөлігі құрылыс жұмыстары мен бухгалтерлік есеп арқылы қалпына келтірілген. Одан бөлек мемлекеттік сатып алу саласында қомақты суммада рәсімдік сипаттағы құқық бұзушылықтар байқалды.
Анықталған заңбұзушылықтардың басым бөлігі бюджет қаражатын негізсіз пайдалану фактілеріне байланысты. Мамандардың айтуынша құқықбұзушылықтарды анықтау үшін арнайы суммадағы тәуекел деңгейі бар. Егер жеке тұлғаның есеп шотына 800 мың теңгеден көп ақша түскен жағдайда бұл аударым күмән тудырады. Сол арқылы аудит бөлімі зерттеу жұмыстарын қолға алып ондағы шикіліктерді тексереді.Жақында бастау алған «Онлайн бюджеттік мониторинг» пилоттық жобасы білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде күмәнді төлем жасаушы мекемелер жетіп артылады. Әсіресе еңбек демалысы кезінде белгіленген қаражат көлемінен артық негізсіз аударылған жағдайлар көп тіркелген. Аудит бөлімі олқылықтардың алдын алып, тиісті қаржы толықтай қалпына келтірілді. Десе де қаржы есеп шотқа түсті екен деп, барлығына бірдей аудит тағайындала бермейді. Тиісінше кез келген мекеменің жауапты маманы атқарылған жұмыстарға кеткен ақша бағытын көрсетіп бере алса ғана жауапкершіліктен босатылады.
Мамандар тұрғындардың өтініштері мемлекеттік сатып алу мен бюджет қаржысының ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететінін айтады. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының тиімді әрі заңды жұмсалуын бақылауды жалғастыруда. Алдағы уақытта цифрлық көру жүйелері және тәуекелдердің алдын алуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен күшейтілмек.