• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

АУДАНДА 41 КӨШЕ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

18.05.2026
0

 Әл-Фараби ауданы әкімдігі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алғашқы бес айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Бүгінде аудан аумағында 17 шағын аудан мен 1 елді мекен орналасқан. Тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жолды жөндеу және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын күшейту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асты. Ауданда тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Атап айтқанда, балалар ойын алаңшаларын салу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту бағытында да бірқатар жобалар жүзеге асқан. Жол сапасын жақсарту – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Әл-Фараби ауданында жөндеуді қажет ететін көшелерге асфальт төселді. Сондай-ақ, тозығы жеткен 41 көшені жаңарту жоспарланған. Бұдан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 2000 тонна асфальт төсеу көзделіп отыр. Жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында аяқжол салу және жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Су басу мәселесі де назардан тыс қалмаған. Осыған байланысты бірқатар көшелерде ирригациялық арық жүйелері орнатылуда. Әл-Фараби ауданында тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы 21 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылып, 11 тұрғын үйге мурал салынған. Биыл тағы бірнеше тұрғын үйге сәндік жарықтар орнатып, жаңа муралдар салу мәселесі қарастырылуда. Тұрғын үй қорын жаңғырту және реновация бағдарламасы аясында ескі үйлер кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Айта кетейік, бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың өз қаражаты есебінен, 15 жылға бөліп төлеу мүмкіндігі арқылы жүзеге асырылады.

Аудан аумағындағы базарлар кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жаңғыртылуда. «Орталық Қырғы» базарының құрылысы аяқталуға жақын. Ал «Назым апа» базарындағы жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Бұдан бөлек, заңсыз кәсіпкерлік нысандарын бұзу жұмыстары да жүргізілді. Атап айтқанда, «Көктем» және «Гарант» сауда орталықтарында заңбұзушылықтар анықталған. Жауаптылардың айтуынша, ауданның инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Previous Post

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

Next Post

КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының басты арманы, ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін бұл мәселенің маңызы тіпті жоғары....

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.