ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Шымкент қаласында жүрек-қан тамыр ауруларын емдеуде озық технологияларымен және кәсіби мамандарымен танымал Жүрек орталығының 25 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Мерейлі шара аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен халықаралық деңгейдегі маңызды басқосу – «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: жүрек хирургиясының болашағы — біздің қолымызда» атты Кардиохирургия конгресі ұйымдастырылды.
Ауқымды жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жетекші кардиохирургтармен қатар, көршілес мемлекеттердің үздік дәрігерлері мен медицина саласының беделді өкілдері қатысты. Олар жүрек хирургиясындағы жаңа технологиялық шешімдер, ғылыми жетістіктер, инновациялық тәжірибелер және халықаралық ынтымақтастықтың болашағын жан-жақты талқылады. Конгресс барысында бірқатар маңызды бастамалар көтеріліп, тараптар өзара әріптестікті тереңдету мақсатында арнайы меморандумға қол қойды. Бұл құжат алдағы уақытта ортақ жобаларды жүзеге асыруға, тәжірибе алмасуды жандандыруға және саланы жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.
Айрықша атап өтерлігі, мерейтой қарсаңында орталықтың өз базасында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Перспективті кардиологиялық зерттеулер орталығы ашылды. Бұл – тек Шымкент медицинасы үшін ғана емес, жалпы еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін үлкен жетістік. Жаңа орталық жүрек-қан тамырлары ауруларын зерттеу, инновациялық әдістерді енгізу және заманауи ғылыми жобаларды жүзеге асыруға арналмақ. Ширек ғасыр ішінде Шымкент жүрек орталығы мыңдаған науқастың өмірін аман алып қалып, аймақтық қана емес, республикалық маңызы бар медициналық мекемеге айналды. Мұнда жоғары білікті дәрігерлер әлемдік стандарттарға сай заманауи құрылғыларды пайдаланып, отандық кардиохирургияның дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Осылайша, 25 жылдық тарихы бар орталық бүгінгі күні халықаралық деңгейде мойындалған заманауи медициналық мекеме ретінде өз мерейтойын жаңа жетістіктермен қарсы алды.Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....
Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...
Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...
Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.