• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЛАДА ҮШ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

24.07.2025
0

Отбасы – адамзат үшін ең қастерлі құндылықтың бірі. Оның іргесі берік, шаңырағы биік болса ғана елдің демографиялық ахуалы жақсарып, қоғам дамуының берік негізі қаланады. Алайда, өкінішке қарай, әлеуметтік және тұрмыстық қиындықтарға байланысты кейбір отбасыларда татулықтың шырқын бұзатын жайттар орын алуда. Соның салдарынан бейкүнә сәбилердің тағдырына көлеңке түсіп, олар ерте жасынан қиындық көріп өсуде.

Бұл мәселе ешқашан қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Себебі отбасындағы тұрақсыздық – тұтас ұлттың болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында кешенді шаралар қолға алынуда. Қалалық Полиция департаменті бұл мәселе бойынша түскен әрбір шағым жіті бақылауға алынатынын мәлімдеді. Әйелдер мен балаларды қорғау, отбасындағы жанжалдарды азайту шаралары туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында кеңінен айтылды.

Мамандардың айтуынша, жаңа бөлім ашылғаннан бері жұмыс қарқыны артқан. Қазір тәуекел тобына жататын отбасылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, зардап шеккендерге құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету жолға қойылған.

Полиция лейтенанты Диана Сахибекованың айтуынша, тұрмыстық жанжал туралы хабарлардың бірқатары балалардан түсіп жатады. Олар анасына әкесінің қол көтеріп жатқанын айтып, көмек сұрайды. Әрбір дабыл назарға алынып, мекенжай анықталған соң тиісті инспекторға жолданады. Стандартты алгоритм бойынша отбасының әлеуметтік жағдайы зерттеледі, баллдық шкаламен есеп жүргізіледі.

– Жанжалдың негізгі себептері – жұмыссыздық пен материалдық жетіспеушілік. Ер адамдардың бос уақытын ішімдікке жұмсауы да жиі кездеседі. Сонымен қатар ене мен келін, қайыната мен келін, әке мен бала арасындағы жанжалдар да бар, – дейді Диана Сахибекова.

Шаһарда бүгінде зорлық-зомбылықпен айналысатын арнайы 20 қызметкер бес ауданға бөлінген. Департаментте тағы 11 маман жұмыс атқарады. Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ердәуіт Ниязовтың айтуынша, негізгі проблемалар – маскүнемдікке салынған күйеулердің жұбайлары мен балаларына күш қолдануы.

– Мұндай жағдайда біз тиісті ведомстволармен бірлесіп жұмыс істейміз. Атап айтқанда, білім, спорт және денсаулық басқармалары, отбасылық қолдау орталығы, прокуратура өкілдерімен бірге ай сайын дөңгелек үстел өткіземіз. Онда әрбір оқиға жеке қаралып, шешу жолдары талқыланады, – дейді спикер.

Қазіргі таңда қалада үш дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Онда зардап шеккен әйелдер бала-шағасымен бірге алты айға дейін тегін тұра алады. Мұндай көмекті қажет ететін отбасылар қатары көп.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу – тек полицияның емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жалғасады, бірақ мәселенің түбегейлі шешілуі отбасылық қарым-қатынасты нығайту мен әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей байланысты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту және ауа сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Қаланың өркендеуі тек жаңа ғимараттар мен жолдардың, өндіріс орындары...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК КАРТАСЫН ӨЗГЕРТЕТІН ЖАҢА ЖОЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте қаланың көлік-логистикалық жүйесін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағын айналып өтетін ұзындығы 50 шақырымдық жаңа автожолдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.