ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...
Шымкенттегі фармацевтика саласында маңызды әрі ауқымды жаңалық. Елдің дәрі-дәрмек өндірісін жетілдіру бағытында ірі зауыт ретінде танылған «Химфарм» өзінің жаңа корпоративтік бренді – Polpharma SANTO сауда маркасын ресми түрде таныстырды. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 130 миллион АҚШ долларынан асқан. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов және Polpharma тобының Бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак қатысты. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің құттықтау сөзінде: «Бұл жобаның жүзеге асуы Шымкенттің ғана емес, бүкіл еліміздің фармацевтика саласын дамытуға жаңа серпін», – екенін айтты.
Polpharma SANTO бренді – бұл Қазақстанның фармацевтика индустриясында сапа, инновация және жауапкершілік тұжырымдамаларын жаңа деңгейге көтеру мақсатында жасалған стратегиялық бастама. Осы брендтің арқасында компания отандық және халықаралық нарықтарда өзінің бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетуді көздейді. Жаңа сауда маркасы тек қазақстандық дәрі-дәрмектердің сапасын арттырып қана қоймай, сонымен бірге фармацевтикалық өнімдердің қауіпсіздігі мен тиімділігін де қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі фармацевтикалық индустрияның маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан бұл бағыттағы қолдаулар мен ынталандырулар жалғаса беретінін жеткізді. Ежи Старак жаңа брендтің таныстырылымы Polpharma-ның даму стратегиясы мен сапаға, инновацияға және тұтынушыға жауапкершілігін көрсететінін айтты.Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...
Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...
Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...
Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...
Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту және ауа сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Қаланың өркендеуі тек жаңа ғимараттар мен жолдардың, өндіріс орындары...
Шымкентте қаланың көлік-логистикалық жүйесін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағын айналып өтетін ұзындығы 50 шақырымдық жаңа автожолдың...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.