Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА СУ КОДЕКСІ КҮШІНЕ ЕНДІ
    Айғақ MEDIA

    ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА СУ КОДЕКСІ КҮШІНЕ ЕНДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.06.2025138 Views

      Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі күшіне енді.

    Бұл құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді. Яғни, ол – халықты және экономиканы су тапшылығы мен су көздерінің ластануынан қорғау, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын қорғауда еліміздің мүддесін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Су көздерінің тартылып кетуінің алдын алу үшін «экологиялық ағын» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл — өзен, көл, теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажетті ең төменгі су деңгейі.

    Жаңа кодекс су ресурстарын басқарудың бас және бассейндік жоспарларын әзірлеуді көздейді. Бұл жоспарларда судың болашағы мен болжамдарына қарай нақты мақсаттар, міндеттер мен шешу жолдары анықталады. Бұл жоспарлардың қорытындылары мемлекеттік саясатты жоспарлауда ескеріледі.

    Су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді. Енді су бассейндері бойынша құрылған кеңестер су пайдалануды шектеу, су тасқыны мен қуаңшылықтың алдын алу, жергілікті биліктің қателіктерін түзету туралы ұсыныстар бере алады.

    Су объектілерін қорғау бойынша талаптар кеңейтілді. Ең алдымен шағын өзендер мен көлдерге баса назар аударылған. Атап айтқанда, енді шағын өзендерге тұйық бөгеттер салуға болмайды. Сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтар да арнайы қорғауға алынады. Ал жергілікті атқарушы органдар екі жыл ішінде барлық елді мекендегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін айқындауға тиіс.

    Жеке тарау климаттың өзгеруіне бейімделу шараларына арналды. Оған өзендер мен көлдерді тазалау мен тереңдету, су деңгейі жоғары болғандағы су нысандарының шекарасын анықтау, елді мекендер мен инфрақұрылымды қорғау үшін арнайы инженерлік жүйелерді жасау кіреді. Сондай-ақ, тасқын және еріген суды жинап, құрғақшылықта пайдалану үшін сақтау, ауыл шаруашылығында тазартылған немесе тұщытылған теңіз суын қолдану қарастырылған. Сонымен бірге, егін айналымын ұйымдастырып, су үнемдейтін жаңа технологияларды пайдалану да маңызды.

    Су тасқыны мен құрғақшылықпен күрес бойынша орталық және жергілікті биліктің міндеттері нақты бөлінді. Осылайша, Су ресурстары және ирригация министрлігі бассейндік су инспекциялары арқылы тасқын суды өткізу және қабылдау кезінде гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен жұмыс режимін бақылайды. Сондай-ақ ведомство тасқын судың су айдындарына бағытталуын қамтамасыз етеді.

    Су саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын ресми сайтында Қазақстанның су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есепті жариялап отырады. Бұл – өткен күнтізбелік жылдағы елдегі су жағдайы, оны қорғау мен пайдалану бойынша аналитикалық есеп.

    Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда пилоттық режимде төрт модуль сәтті жұмыс істейді: «Әкімшілік», «Су пайдалану», «Трансшекаралық су» және «Картография».

    Суды үнемдеуді ынталандыратын жаңа тетіктер күшіне енеді. Мысалы, суды пайдалануға рұқсат айналымдағы немесе қайта сумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшу жоспары болған кезде ғана беріледі. Ауысуға бес жыл беріледі. Ал жоспарларды әзірлеуге Су кодексі күшіне енгізілген күннен бастап екі жыл.

    Ауыл шаруашылығындағы судың шығынын азайту мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ ирригациялық кондоминиумды құру тәртібі регламенттелген, ал ол болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға мұндай мүлікті сыртқы басқару құзыреті беріледі.

    Сонымен қатар енді су пайдаланушылар ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін еріген қар суын өз бетінше және арнайы рұқсатсыз жинай алады. Ол үшін көлемі 2 млн текше метрден аспайтын тоған, су қоймасы немесе басқа да қойма салып, бұл нысанды тіркеу үшін бассейн инспекциясына хабар беруі қажет.

    Жаңа Су кодексінің тағы бір ерекшелігі гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мәселесін жеке тарауға шығару болды. Онда гидротехникалық құрылыстардың тізімін қалыптастыру және жүргізу, оларды пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік декларацияларын әзірлей отырып, көпфакторлы тексеру жүргізу мәселелері жүйеленген.

    Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік регламентін әзірлеу көзделген.

    Сондай-ақ су құбыры және кәріз жүйелерін дамыту, жаңбыр мен дренаж суларын реттеу, иесіз қалған жүйелерді коммуналдық меншікке өткізу нормалары да енгізілген.

    Жерасты суын іздеу, бағалау, бақылау және қорғау мәселелері де министрлікке жүктелді. Бұл жұмыспен Су ресурстары және ирригация министрлігі құрамындағы «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі айналысады.

    Судың «көлеңкелі нарығымен» тиімді күресу үшін бассейндік су инспекцияларының мемлекеттік бақылау функциялары күшейтілді. Енді оларға жедел әрекет ету шараларын қабылдайтын қадағалау функциялары берілді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың су қорын қорғау және пайдалану саласында оларға жүктелген функцияларды сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізіледі.

    Жаңа кодекс аясында Азаматтық, Жер, Кәсіпкерлік, Орман және Экология кодекстеріне, сондай-ақ 13 заңға өзгерістер енгізілді. Жер кодексіне елді мекендердегі су объектілерінің жерлерін пайдалануды реттеу бөлігінде түзетулер енгізілді. Экология кодексі су қорғау аймақтарында қызметті жүзеге асыру жөніндегі талаптарды регламенттейтін нормалармен толықтырылды.

    Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске және Жерасты қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске де депутаттардың бастамасымен түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, Әкімшілік кодекс су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді, ал Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексте Каспий теңізінде көмірсутектерді барлау және өндіру, жерасты суын барлау және өндіру, сондай-ақ іздестіру, тұз және емдік балшық өндіру туралы баптар өзгертілді.

    «Жаңа Су кодексін әзірлеу кезінде біз бес негізгі қағиданы басшылыққа алдық. Бұл суды қоршаған ортаның ажырамас бөлігі, азаматтардың тіршілік әрекеті мен экономикалық дамуының негізі деп тану, суды қорғау және оның сарқылуын болдырмау, жерүсті және жерасты суын кешенді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу және климаттың өзгеруіне бейімделу, су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі міндеттерді шешуге жұртшылықты тарту. Бұл құжат еліміздің су саласындағы жаңа мемлекеттік саясатын қалыптастыруға негіз болады. Құжатты әзірлеуге қатысқан Парламент депутаттары мен сарапшыларға алғысымды білдіремін», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

    ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.