Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Тамара Дүйсенова 2023 жылдан бері Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары болды. Мамандығы инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Тамара Босымбекқызы бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметтерінде болған.