Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»2025 ЖЫЛЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА 50 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ
    Айғақ MEDIA

    2025 ЖЫЛЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА 50 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.12.2024410 Views

    «Ауыл аманаты» бағдарламасына арналған республикалық семинар аясында секциялық отырыстар өтті. Шара Қызылорда қаласында өтуде.

    Қатысушылар «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырып, өңірлер арасында тәжірибе алмасты.

    Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес басталды. Оны іске асыру үшін өткен жылы 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд. теңге бөлінді.

    «Бүгінгі таңда 2023 жылы бөлінген қаражат шеңберінде 95,6 млрд. теңгеге 16 мың шағын несие беріліп, 17 мың жұмыс орны құрылды, 7,1 млрд. теңгеге 337 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды. Ағымдағы жылы бөлінген қаражат шеңберінде 4,7 млрд. теңгеге 426 шағын несие беріліп, 614 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2,6 млрд. теңгеге 105 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

    Бағдарламаны одан әрі іске асыру үшін 2025 жылы 50 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде Түркістан облысына — 7,4 млрд. теңге, Қызылорда облысына — 5,5 млрд. теңге, Жамбыл облысына — 5 млрд. теңге, Ақтөбе облысына — 4 млрд. теңге және т.б. бөлінеді.

    АШМ шағын несиелендіру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Ауыл аманаты» цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілді. «АӨК-дегі экономикалық саясаттың талдамалық орталығы» ЖШС-мен бірлесіп, өтінімдерді электронды түрде беруге және қарауға мүмкіндік беретін шағын несиелендірудің ақпараттық жүйесі әзірленіп, іске қосылды.

    Кредиттеу процестерін автоматтандыру онлайн-режимде өтінім беруді қамтамасыз етеді, микрокредит беру процестерін жеделдетеді және оңтайландырады, шешім қабылдауға адами факторлардың қатысуын төмендетеді, сондай-ақ деректердің егжей-тегжейлі мониторингі мен талдауын жүргізуге ықпал етеді.
    Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе барлық өңірлерде жұмыс істейді және қарыз алушылардан өтінімдер қабылдау жүзеге асырылуда.

    Секциялар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді қарастырды.
    Семинар аясында түрлі өңірлерден келген бағдарлама қатысушыларының өнімдері қойылған көрме өтті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.