Бозарық елді мекенінде ұзақ күткен газ тарту жұмыстары аяқталып, тұрғындар табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бұл жаңалық халыққа қуаныш сыйлады себебі олар енді үй шаруашылығында, жылыту жүйелерінде және ас үйде газды қолдана алады. Шаһарда Бозарық-3 ықшам ауданында табиғи газ қосылды. Енді 700 үйдің тұрғыны от жағып, күл шығару машақатынан құтылады. Мердігер мекеменің айтуынша осы жылдың соңына дейін шаһардағы Қайнарбұлақ , Қайтпас, Ынтымақ, Тассай, Еламан ықшам аудандарын газға қосу жұмыстары аяқталады.
Газ тарту жобасының жүзеге асуы жергілікті тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартуға, үй шаруашылығында тиімділікті арттыруға септігін тигізеді. Қала тұрғыны Ботагөз Ибрагимованың Бозарық-3 ықшам ауданына көшіп келгеніне 10 жыл болған, алғашқылардың бірі болып үйіне табиғи газ берілген жалғыз басты ананың қуанышында шек жоқ. Сондай-ақ, «QazaqGaz Aimaq» АҚ мамандары жылыту маусымы барысында тұрғындарды тұрмыстық газды қауіпсіздік шараларын сақтай отыра пайдалануға шақырды. 3 мегаполисте газ өткізу деңгейі осы жылы газға қосылған Қайнарбұлак, Бозарық және Қаратөбе ықшам аудандарын қосқанда 96% құрап отыр. Қала бойынша тұтынушылардың жалпы саны 246 360-қа жетті. Нәтижесінде Шымкент қаласын газдандыру деңгейі жыл соңына қарай 97,4% құрайды. Яғни, қала тұрғындарының жайлы, экологиялық қауіпсіз әрі сапалы өмір сүруі үшін мүмкіндіктер арта бермек.