Әл-фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Әбішева Күләш Назарбекқызының «Жаның жаздай гүлдесін» кітабының тұсауы кесілді. Жетелі 70 жасқа келген шағында еліне есеп беру, өзіне тарту ретінде шыққан бұл кітабы III бөлімнен тұрады.
Әбішева Күләш Назарбекқызы 1954 жылы Ленгір қаласында дүниеге келген. Жас тайынан өлеңге құштар болған. Медицина саласында қызмет ете жүріп, қаламын жанына серік еткен Күләш Назарбекқызы өзінің жүрек жарды туындыларын туған жерге, дос-бауырға, адам бойындағы сан алуан құбылыстарға арнаған. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Әбішева Күләш Назарбекқызының «Жаның жаздай гүлдесін» кітабының тұсауы кесілді. Жиынға ақынның дос-жаран, құрбы құрдастары, ақын-жазушылар, кітапхана ұжымы мен мектеп оқушылары қатысты.
Өмірін өлеңімен суреттеген ақын қыз қай салада қызмет етсе де, жанының дәруін қара өлеңімен ұштастырған. Жиында ақынға құрбы құрдастары арнайы сый тарту етіп, елі үшін жазылған еңбегінің елене беруіне тілектестіктерін білдірді. Сондай-ақ, шара барысында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, мектеп оқушылары өлеңдерін оқыды. “Жаның жаздай гүлдесін” жыр жинағы Күләш Назарбекқызының өз кәсібінің шыңына шыққан ардагер кезінде жарық көріп отыр. Жиында ақынның өмірінен құрылған көрініс қойылды. Сонымен қоса, жиналған жұртшылыққа алғысын білдірген Күләш Әбішева халқына арнайы шығарған өлеңін оқып берді.