БАҚ өкілдері билік пен бұқараны байланыстырушы. Қоғамдағы құбылыстарды зерделеп, шынайы ақпарат тарату үшін журналист білікті де білімді болуы керек. Қазіргі уақытта 4-ші билік өкілдеріне барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осы мақсатта шаһарда жас журналистер үшін бүгінгі медияның мүмкіндіктері айтылды. «Бүгінгі медия — біліктілік және қоғаммен байланыс.» Осы тақырыпта журналистер үшін семинар өтті. Іс-шара басында ең алдымен медиа саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, мерейлі жасқа толған журналистер қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Семинар барысында ақпарат саласының ардагерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Яғни, жиында цифрлық дәуірдегі салалық журналистика, жасанды интеллект, фотожурналистикаға қойылатын шығармашылық талаптар, спорт саласындағы мәселелер, мемлекеттік мекемелермен байланыс орнатудың жолдары жайлы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Айта кетейік, 4-ші билік өкілдерінің біліктілігі мен білімін арттыруға бағытталған семинар 3 күнге жоспарланған. Сондай-ақ, жыл сайын жалғасын тауып келеді.