• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ АСТАНАДА БЕЛГІЛЕНДІ

14.11.2024
0

Астана, 2024 жылғы 12 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Польшаның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенданы қабылдады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрілігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, парламенттік, мәдени және білім салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Министрдің орынбасары поляк дипломатының Астанаға тағайындалғаннан бері атқарып жатқан белсенді қызметін жоғары бағалап, екі ел арасындағы өзара тиімді табысты ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Саяси диалогты нығайту аясында тараптар Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы шеңберіндегі (2024 ж. 24 қыркүйек) сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Радослав Сикорскийдің келіссөздері мен Варшавада өткен Қазақстан-Польша сімаралық консультацияларының (2024 ж. 22-23 қазан) нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын талқылады.

Дипломаттар Қазақстан нарығындағы «Polpharma» (фармацевтика), «Selena Group» (құрылыс химиясы материалдарын өндіру) және «Stokson» (кондитерлік зауыт) секілді ірі поляк компаниялардың қызметінің арқасындағы жемісті сауда-экономикалық байланыстарды атап өтті. Сонымен қатар 2025 жылы Астанада ұйымдастырылатын Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның (ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Польшаның Экономикалық даму және технологиялар министрлігі тең төрағалар болып табылады) 10-шы отырысына дайындықты жалғастыруға келісті.

М. Лабенда мәдени байланыстарды кеңейтуге ерекше қызығушылық білдіріп, Қазақстанда концерттер мен кино көрсетілімін өткізу туралы бастама көтерді.

Білім және ғылым салаларындағы байланыстарды тереңдету мәселелеріне де аса назар аударылды. Польшаның қазақстандық студенттер үшін танымал бағыт болып табылатыны және қазіргі уақытта олардың саны 3 мыңнан асатыны аталып өтті. Сондай-ақ Қазақстанның орта және жоғары оқу орындарында 20-дан астам поляк тілі мұғалімі жұмыс істейді, бұл екі ел арасындағы мәдени және академиялық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.

Өз кезегінде Р. Василенко поляк тарапының бастамаларын қолдап, жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бейілділігін атап өтіп, поляк дипломатын 11 қарашада аталып өтетін Польшаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады және поляк халқына одан әрі өркендеу мен игілік тіледі.

Анықтама: 2024 ж. қаңтар-қыркүйек кезеңінде Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 852,8 млн АҚШ долларын құрады. 2023 ж. тауар айналымы 1,23 млрд долларға жетті. 2005 жылдан бастап Польшадан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 447,8 млн долларды құрады. Қазақстанда поляк капиталының қатысуымен 140 компания жұмыс істейді, оның ішінде «Polpharma» (Santo), «Selena», «Stockson» және т.б. бар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.