ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде су тасқынынан зардап шеккендердің баспанасын қалпына келтіру үдерісіне елеулі үлес қосқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.Министр Қанат Шарлапаев құттықтау сөз сөйлеп, марапат алушыларға белсенділік пен адал еңбектері үшін ерекше алғысын білдірді.
Қызметі мен еңбегі үшін III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі «Eurasian Resources Group» бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев және алғыс хаттармен марапатталғандар қатарында: ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының басшысы Үкібай Нұрпейісов, Жамбыл облысы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулет бюросы» КММ директоры Бауыржан Сұлтанбек, Астана қ. «Қала шаруашылығын бақылау және сапасын бақылау басқармасы» ММ «Нұра» ауданы бойынша инспекция бөлімінің бас маманы Алмас Ермағамбетов, сондай-ақ ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қызметкерлері Данияр Балтин, Абылайхан Мұхамбеди, Марат Жарбұлов және Амантай Телхожа.