Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЖАСТАР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН АШЫҚ КУБОК БАСТАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ЖАСТАР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН АШЫҚ КУБОК БАСТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.10.2024118 Views

    Шымкент қаласы шахмат әлемінің жұлдыздары мен шахмат сүйер қауым өкілдері бас қосқан жерге айналды. Себебі мегаполисте бірнеше шахмат турнирі қатар өтуде. Оның ішінде күні кеше Қазақстан балалар кубогының 6-шы әрі финалдық кезеңі және тұңғыш рет қаланың Ашық кубогы ойнатылды. Турнирге 300-ге жуық жас шахматшылар қатысып, бақтарын сынады. Ал, жарыстың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды.

    Шаһарымыз шахмат астанасына айналды. Мегаполисте шахмат федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Балалар Кубогының 6-шы әрі финалдық кезеңі және қаланың 1-ші Ашық Кубогы қатар өтті. Қос кубоктың ашылу салтанатына KazChess федерациясының басшылығы, шахмат сүйер қауым, 10 жасқа дейінгі 163 жас шахматшы және 14 жасқа дейінгі 128 жас өрендер қатысты. Әр жарыстың 9 туры “Көрме” орталығында 1 қарашаға дейін күн сайын өтеді. Бұдан бөлек, бұл шарада мемлекеттік қызметшілер арасында блиц-турнир де ұйымдастырылды.

    Бұған дейін кубоктың бес кезеңі Тараз, Қызылорда, Қостанай, Атырау мен Павлодарда өтті. Балалар турнирі жүздеген қазақстандық шахматшыны дайындаған дарынды тәлімгер және педагог Вячеслав Владимирович Печерскийдің құрметіне арналған.

    Айта кетейік, қаламызда 29 қазанда ФИДЕ әйелдер Гран-приінің 2-ші кезеңі өтеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.