Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»АУДАРЫСПАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
    Жаңалықтар

    АУДАРЫСПАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.10.202473 Views

    Шымкентте 2007-2009 ж.т. жасөспірімдер арасындағы аударыспақтан XII Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Айтулы додаға еліміздің 17 аймағынан спортшы бақ сынады.

    Аударыспақ ат үстінде күрес саналатын ежелгі ұлттық ойын. Енді жаңғырып келе жатқан спорттың бұл түрі — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).

    Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

    Аударыспақ ұлттық спорты бұған дейін 5 салмақ дәрежесінде өтіп келсе, биылдан бастап 9 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Нақтырақ айтсақ, 42, 48, 54, 59, 65, 71, 77, 82 және 82 келіден жоғары салмақтағы палуандар ат үстінде белдеседі.

    Шымкент қаласындағы атшабарда аударыспақтан 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы 12-ші ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті.

    185 палуан үшінші мегаполис төрінде бас қосты. Білекті де жүректі жігіттердің жарысы 3 күн бойы кіл мықтыны анықтады. Сондай-ақ жаңа атшабардың манежінде өткен додаға қала тұрғындары өз жанкүйерлеріне қолдау көрсетіп, жарыстың әділ өтуінің куәсі болды. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, ұйымдастырушылар атынан арнайы диплом мен сертификат табысталды. Республикалық чемпионатта Шымкент қаласының спортшылары жүлдеден тыс қалмады, 1 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Олар:

    Жантай Ердос, 59 келі

    Ертай Нұрсапар, 48 келі

    Қамбаралы Рахат, 65 келі

    Мухтархан Досжан, 71 келі

    Биылғы чемпионат 9 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жеңген спортышлар іріктеліп, халықаралық жарыстарға жолдама алады.

    Шымкент қаласында аударыспақ спорт бөлімі 2020 жылдың қыркүйек айында ашылды. Биыл аударыспақ спорт түрінен сәуір айында Шымкент қаласының жастар арасындағы іріктеу чемпионаты өтсе, қыркүйек айында Шымкент қаласының жасөспірімдер арасындағы іріктеу чемпионаты өтті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.