Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАЗАҚТЫҢ ДАСТАРХАНЫ — БІРЛІКТІҢ ДӘНЕКЕРІ
    Айғақ MEDIA

    ҚАЗАҚТЫҢ ДАСТАРХАНЫ — БІРЛІКТІҢ ДӘНЕКЕРІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.10.2024160 Views

    Қазақтың дастарханы — бірліктің дәнекері. Берекелі дастарханның айналасына жиналған шаһардағы этнос өкілдері мерекелі жиын өткізді. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатқан фестивальде қазанға ет салынып, достық шаңырағында бас қосқан 17 этностың өкілі бір-біріне құрмет көрсетті.

    Ұлттың ұмыт бола бастаған тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түскен этнос өкілдері биыл үй жағдайында әзірлеген қазақ тағамдарынан ортақ дастархан жайып, қалың көпшіліктің назарына ұсынды. Ортақ қазанда ет асып, әр үстел басындағы қонақтарға түрлі ұлттық тағамдар мен табақ тарту арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен дастархан мәдениетінің ежелден келе жатқан жарқын үлгісін көрсетті.


    Мұндағы мақсат – этнос өкілдерін қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру, ұлтымыздың қонақжайлық, сыйластық сынды игі дәстүрін дәріптеу.
    Фестивальге Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі сынды бірқатар қоғамдық құрылымдардың жетекшілері, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қатысып, ақ дастархан басында арқа-жарқа әңгіме құрды.

    Шара барысында қалалық «Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының» маманы ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық тағамдар туралы, әр астың тарихы, қай қонаққа берілетіні жайлы мағлұмат берді.
    Айта кетейік,  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында қолға алынған «Қазақ дастарханы» фестивалі алғаш рет 2015 жылы Шымкент қаласында бастау алған болатын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.