Шымкенттің қазыналы қарттарына мереке қарсаңында құрмет көрсетілді. Жыл сайын тойланатын мерекелік жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаев қатысып, зейнеткерлерге мадақтау қағазы мен арнайы сыйлығын табыс етті. Ал, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев орталықтың дамуына үлес қосқан белсенді зейнеткерлерге “Шымкент қаласының құрметті ардагері төс белгісін ” тапсырды. Сондай-ақ, Қарияларды алғыс хаттармен марапаттап, тілек арнады.
ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІЛЕР АЛА ДОП БӘЙГЕСІНДЕ
“ReLife” жобасы аясында пробация қызметі есебінде тұрған жастар арасында кіші футболдан турнир өтті. Іс-шараның басты мақсаты қылмыстың алдын алу және...











