Шаһарымызда қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің “Менің атым Қожа, Балалық шаққа саяхат, Өлгендер қайтып келмейді” сынды туындылары ел жадында мәңілік сақталған. Жазушының мерей тойын ел жұрты ерекше атап өтуде.Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100жыл. Өз шығармасында “Өлгендер қайтып келмейді”деп күрсініп алып өлместей етіп қайтта тірілткен қаламгердің туындылары ел жадында сақталған. Шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударылған қаламгердің есімі түрлі түркі елдеріне мәлім. Жазушының мерейтойына арналған конференцияға шет мемлекеттен әдебиет танушылар мен өнер сүйер жастар басқосты. Бердібек Соқпақбаев әлемін сөз еттіп, қазақ даласындағы өшпес шығармаларын әңгімеледі.
Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген Бердібек Соқпақпаевтың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады. Атақ даңқсызда ел құрметіне бөленген. Оның мәңгі өлмес шығармалары ұрпақтардың жүрегін тербеп, жанын жадырата берері сөзсіз. Халықтың қамын ойлап, ақылын айтқан жазушы шығармалары әлеуметтік шындықты көрсеткен. 20 ға жуық балаларға арналған көркем шығармаларын ұсынған.
Көрме орталағында Мерекелік концерт ұйымдастырылып , өнерпаздар өнер көрсетті. Туркия,Қырғыстан, Өзбекстан елдерінен филологтар келіп, қаламгердің шығармаларында алған әсерімен бөлісті.
Қаламгердің өлмес туындылары әлі де жас буынның рухын көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттыратыны сөзсіз. Талантты жазушы тарих сахнасында мәңгі ұмытылмайтыны анық.