Оқырмандар тағы бір кітаппен қауышты. Жаңа басылым ислам әлемінің қазақ даласына келу тарихы, халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл мұрасы, әдет-ғұрып, салт-санасы тақырыптарын қамтыған. «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мектеп» кітабының тұсаукесеріне бас мүфти арнайы келді. Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, жастардың санасын серпілдетуге және ислам өркениеті туралы алдағы уақытта да кітаптар жарыққа шығару жоспарда бар.
Жиын соңында келген қонақтарға мүфтият баспасынан жарыққа шыққан кітаптар сыйға тартылды. Бұл басылым келушілердің кітапқа деген қызығушылығын арттырғаны сөзсіз. Айта кетейік, осыған дейін мүфтият баспасынан 50 кітап жарыққа шыққан. Ислам ілімдері қыр-сырына қызығатын оқырмандардың саны артып келеді.
«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ
«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...









