Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«AVTOBYS» КАРТАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    «AVTOBYS» КАРТАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.08.2024808 Views

        Шымкентте «Avtobys» жеңілдікті көлік картасы іске қосылды. Әлеуметтік картаны 550 теңгеге сатып  алып, шексіз қолдануға жарайды. Ал, мектеп оқушыларына арнайы мерізімге дейін жарайтын карталар дайындалуда. Бұл жеңілдіктер тек қала тұрғындарына қарастырылған.

      2024 жылдың 1 мамырынан бастап 14 санаттағы азаматқа қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік алды. Дегенмен, санатын айқындайтын құжатын өзімен арқалап жүруге мәжбүр еді. Енді, «Avtobys» картасы арқылы бұл әлде қайда жеңілдейді. Қала тұрғындары картасын Тұран, Абай, Қаратау ауданының әкімдігіне барып мүмкіндігінше тез және ыңғайлы түрде ала алады. Бұл пункттер дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

      Жеңілдікті көлік картасын алу үшін қандай құжаттар қажет? Бұл сұраққа “Smart mobility” ЖШС Директоры Жомарт Ерболатұлы жауап берді.

    1. Сәйкестендіру үшін өтініш берушінің жеке куәлігінің түпнұсқасы.
    2. Шымкент қаласының жергiлiктi атқарушы органының мөрi басылған жәрдемақыны алғанын растайтын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқа жеке басын куәландыру үшiн ұсынылады).
    3. 1 дана ақ фонда 3х4 см көлеміндегі түсті фотосурет, басып шығарылған (сканерлеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады).
    4. Көлік картасын беруге белгіленген нысандағы өтініш және өтініш берушінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беру.

        Шаһарымызда алғашқы қолданысқа енген Card Tolem карталары. Біраз жылдар қызмет еткен бұл жүйе қолданыста қалады. Tolem картасын пайдаланушылар жаңа картаны алып әуре болмайды. Ол карталар жарамды болып қалады және өзгеріссіз жұмысын жалғастырады.

        Мамандар бір жетіде «Avtobys» қосымшасыда қолданысқа шығатынын мәлімдеді. Яғни бұл «Виртуалды жеңілдікті тариф» функциясы. Бұл пластикалық картаны шығармай-ақ жеңілдікті пайдалануға мүмкіндік береді. Қосымшаның көмегімен пайдаланушылар смартфон арқылы жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігін пайдалана алады, бұл процесті одан да ыңғайлы және заманауи етеді. Қаратау ауданы әкімдігіне жиналған тұрғындар әлеуметтік карталарын алуда. Бұл бізге жасалған бір жақсылық болды дейді ақсақалдар.

      «Avtobys» қосымшасы тек жол жүру ақысын төлеу құралы емес, толыққанды электронды әмиян және қала бойынша ыңғайлы жол жүруге арналған кешенді шешім. Қосымшаны пайдалана отырып, Bluetooth, NFC, QR коды және контактісіз банк карталары арқылы жол жүру ақысын төлеп қана қоймай, автобус бағытын қадағалап, оның аялдамада келу уақытын нақты уақыт режимінде болжауға, сол арқылы уақытыңызды үнемдеуге болады.

    Бетті дайындаған: Ақерке Құдайбергенқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.