2024 жылдың 5 айында Шымкент қаласының аудандық соттарына барлығы 15 943 істер мен арыздар түскен. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 484 іс пен арызға немесе 21,8% артқандығын көрсетіп отыр. Осы кезеңде қаралып аяқталған істердің саны 11 787 істі құраған, 2023 жылмен салыстырғанда 2 630 іске немесе 22,3% артқан.
Аяқталған істер бойынша шешім шығарумен 5 029 іс болған, немесе 42,7%.2023 жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 5 249 істі құраған, яғни былтырғы жылы 220 шешімге немесе 4,2% аз болған. Көрсетілген мәліметтер соттарға түскен арыздардың көбейгенін, ал шешім шығарумен аяқталған істер саны азайғандығын байқатады. Бұл дегеніміз сот жүктемесін төмендетуге бағытталған шаралардың әлі жеткіліксіз екендігін білдіреді.
Соттарға түскен арыздар мен істер санатына тоқталар болсақ, олардың ішінде банктік немесе қарыз шарттардан, отбасылық қатынастардан туындайтын даулар басым болып тұр, яғни, барлық санаттағы түскен істердің ішінде 8 041 іс пен арыздар, немесе 50,4%.
Ағымдағы жылдың 5 айында шарттардан туындаған даулардың саны 5 493 іс болған, бұл барлық түскен істер мен арыздардың 34,4% құрап отыр. 2023 жылдың осы кезеңінде 5 154 арыз түскен, яғни биыл 339 іске артқан. Ал, отбасы қатынасынан туындайтын даулардың саны 2 548 іс құрап, түскен арыздардың 16% болып отыр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл санаттағы даулар 70 іске немесе 2,7% артқан.











