Жаз басталысымен елімізде жарым ай ғана уақыт болды. Ал осы уақыт аралығында 85 адам суға кеткен. Оның 35-і бала. Сондай-ақ аумағында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау бойынша, су айдындарында 1 жазатайым оқиға тіркелді.
Жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында төтенше жағдай қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары әр апта сайын үгіт насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мұндай шаралар қауіпті сейілтуге ықпал етеді, — дейді мамандар. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, суға түсуге тыйым салынған аумақтарда шомылғандарға
439 348 тг теңге көлемінде айыппұл салынған. Биыл қала аумағындағы су айдындарында 5 ресми орын белгіленген оның үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Ал қауіпсіздік ережесіне сай келмейтін 13 орын айқындалып, 125 ескерту белгілері орнатылған.
Шымкентте құтқарушылар мереке және демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күзетке полиция қызметкерлері, ұлттық ұлан сарбаздары мен еріктілер де жұмылдырылған.
Қалада су айдандарынан бөлек жекеменшік 22 бассейн жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері кәсіпкерлермен бірлесіп, тың бастаманы қолға алды. Мыңнан аса мектеп оқушысына тегін жолдама сыйлап, жүзуді үйретіп жатыр.











