Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАЛА КҮНІ ЖАҢА КОНГРЕСС ХОЛЛДА ТОЙЛАНДЫ
    Айғақ MEDIA

    ҚАЛА КҮНІ ЖАҢА КОНГРЕСС ХОЛЛДА ТОЙЛАНДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.06.2024272 Views

    Қала күні жаңа «Tulip Hall» конгресс холлда тойланды. Салтанатты кеште қала басшылығы қонақтарды мерекемен құттықтады. Концерттік бағдарламада күйден шашу шашылып, әлемдік және отандық классикалық музыка қорынан үздік шығармалар орындалды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының көркеюуіне, дамуына, гүлденуіне үлес қосқан жандарға Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді. «Tulip hall» көпфункционалды кешенінде Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты кешке қала басшылығы, зиялы қауым өкілдері, түрлі сала ардагерлері мен өкілдері, мәдениет мекемелерінің басшылары сондай-ақ қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қонақтарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

    Жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қаланың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды Шымкент қаласының “Құрметті азаматы” атағымен марапаттады. Олар: 1. Орынбай Рахманбердиев
    2. Досыбай Шерімқұлов
    3. Баян Жандосова
    4. ⁠Асма Калыбекова
    5. Ерғали Бөлегенов
    6. Үркен Абдреев
    7. Серікбай Онбаев
    8. Нұрғали Аққұлов
    9. Момбек Амангелдиев
    10. Сержан Тұрсынбеков
    11. Сергей Дворцевой
    12. Евстафий Пехлеваниди сынды белгілі азаматтар мен азаматшалар марапатталды.

        Кеште, елімізге белгілі жұлдыздар мен жергілікті өнерпаздары қатысып, қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор ұжымы, балет труппасы, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздарымен қатар «Қаған» этно-фольклорлык ансамблі, вокалды-аспапты ансамблі, «Қазына» және заманауи би ансамбльдері өнерлерін барша көрерменге паш етті.

    Айта кетейік, 2022 жылдың 27 қарашасында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалада ауқымды іс-шаралар өткізетін мәдениет ошағы тапшы екенін ескеріп, президентіміздің тапсырмасына сәйкес 2000 орындық Конгресс холлдың құрылысы басталғанын, және бұл нысан келесі жылы халық игілігіне пайдалануға берілетінін айтқан болатын. Міне, сол тапсырмаға сәйкес күні кеше ғана қала күніне орай мәдениет ордасы саналатын – «Tulip Hall» конгресс холл ғимараты халық игілігіне берілді.
    Міне, сол тапсырмаға сәйкес күні кеше ғана қала күніне орай мәдениет ордасы саналатын – «Tulip Hall» конгресс холл ғимараты халық игілігіне берілді. Үш қабатты ғимараттағы концерт залының сыйымдылығы – 2066 орын. Сонымен қатар, 190 орындық конференция залы бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.