Шымкентте жалған алкоголь өнімдерін өндіру және сату цехын ұйымдастырған қылмыскерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қала тұрғындарының құйтырқы әрекеті мамыр айында әшкере болған. Тінту кезінде 6700-ге жуық жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған арақ өнімдері, 200 литр спирт және арақ өндіруге арналған жабдықтар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олар жалған алкоголь өнімдерін өндіруге арналған спиртті Шымкент қаласының спирт зауытынан алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда зауыт басшысы 2 түрлі қылмыс бойынша күдікті деп танылды. Кәсіпкер қылмыстық жауапкершіліктен жалтару және қылмыстық қудалау органдары тарапынан қамқорлық жасау үшін 20 000 Ақш доллары және 1 млн теңге көлемінде пара беру кезінде құрықталды.
ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ
Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...








