Қазақстанда әр күн сайын 2 әйел жатыр мойыны обыры ауруынан жан тапсырады екен. Ал әлем бойынша секундына 2 әйел көз жұмады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек жыл өткен сайын осы ауру түрімен ауыратын әйелдер саны артып келеді. Қатерлі ісіктің алдын алудың таптырмас жолы адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу. Шымкентте ел тұрғындарына хабарландыру мақсатында ДДҰ иммундау бағдарламаларының үйлестірушілері дөңгелек үстел өткізді. Қатерлі ісіктің қауіптілігі мен жұғу жолдары қандай?
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем станциясының «CALL – орталығы» базасында «жатыр мойыны обыры» ауруының алдын алу бойынша баспасөз жиыны өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: халықтың, журналистер мен блогерлердің хабардарлығын арттыру. Жыл сайын әлемде 600100-ден астам жаңа ршм жағдайлары тіркеледі. 330 000-нан астам ршм пациенттері қайтыс болады. Папиллома вирусы адамнан адамға тұрмыстық және жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін.
Жатыр мойны обыры Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі әйелдер арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік болып табылады. Бүгінгі таңда жатыр мойны обырының алғашқы алдын – алу вакцинация, екіншілік-скрининг болып табылады. Әлемде HPV вакцинасына сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда 125-тен астам ел өздерінің ұлттық вакцинация күнтізбелеріне енгізді.
Вакцинация 11 жасар қыздарға ата-аналарының балаларды вакцинациялауға келісімін алғаннан кейін тегін жүргізіледі. Ал өз қалауымен вакцина аламын деушілер болса ақылы түрде жұмыс жүргізіледі. Айта кетейік, аурудың алдын алуы бойынша вакцинациялау қыркүйек айынан бастап жоспарлануда.