Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»ЗЕЙІНДІ БАЛА — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
    Білім

    ЗЕЙІНДІ БАЛА — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.06.2024251 Views

    1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні ауыл-аймақ, қалаларда балғындарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін түрлі мерекелік шаралар, концерттер ұйымдастырылады.
    Осы орайда, Білім басқармасы және қалалық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «№ 28 «Гауһар» мемлекеттік арнаулы балабақшасы» базасында “Біз әлемді балаларға сыйлаймыз!” атты челлендж ұйымдастырылды. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің ұсынымен басталған бұл шараның басты мақсаты: бүлдіршіндердің топта бірлескен іс-әрекет дағдыларын дамыту, қоғамдастық сезімін тудыру.


    Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Осы орайда балабақша ауласында “Біз спортты сүйеміз» спорттық эстафетасы, «Жас зерттеушілер» тәжірибе жасау, “Әлем балалар көзімен» Дәстүрлі емес әдіспен сурет салу, «Біз аспаздармыз» Дәстүрден тыс әдіс-тәсілмен қол моторикасын дамыту, «Көңілді бояулар» гипске сурет салу, «Ұлттық құндылықтар» Асық ойындары, кілем тоқу, киіз басу секілді қалашықтар құрып, бүлдіршіндер эстафеталарға қатысты. Іс-шара соңында қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы Баян Жандосова бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, мерекеге орай балаларға сыйлықтар табыс етілді.


    Бұл мерекенің шығу тарихына өңілсек, балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал, Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізіліп, әлем халықтарының басым бөлігі аталмыш мейрамды әлі күнге дейін тойлап келеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.