Шымкентте студенттер арасында ерте жүктілік көбейген. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбекпен кездесуде студенттік емхана бас дәрігерінің орынбасары айтты. Тимур Байдуллаевтың баяндамасына сәйкес ерте жүктіліктің жиілегені, сонымен қатар оқуға түсетін студент жастар медициналық тексерудің нәтижесін оңай ала алатынын айтты.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің қатысуымен арнайы қала жастарымен кездесу өтті. Жиында жастар саясатын жүзеге асырудағы 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың 1-ші тоқсанында атқарылған жұмыстарының есебі, сондай-ақ жастарға қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі студенттер арасындағы ерте жүктіліктің көбеюі. Студенттік емхананың бас дәрігері орынбасарының айтуынша осы мәселе бойынша жүгінетін жастардың саны артқан.
Жиында одан да бөлек жастар арасындағы мәселелер мен көкейкесті сұрақтар талқыға түсті. Қала әкімінің орынбасары жастардың проблемасын назардан тыс қалдырмайтынын және оларды шешу үшін әкімшілік тарапынан қажетті шаралар қабылдап жатқанын айтты.
Белсенді жастар маңызды мәселелерді көтеріп, оларды шешу үшін нақты ұсыныстар білдірді. Жиын нәтижесінде әр ай сайын қала жастарымен кездесу ұйымдастырылып, жастар арасындағы өзекті мәселелер талқыланатын болады.